Kaspi bank шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін сырттан 45 миллион доллар қаржы тартуға қол жеткізді

Фото: None
АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Kaspi bank шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін Голландияның кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік корпорациясынан (FMO) 45 миллион доллардың заемын тартты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл FMO-мен ынтымақтастық аясында тартылған алғашқы заем. Ол Қазақстанның шағын және орта бизнесін қаржыландыру үшін 5 жыл мерзімге беріліп отыр. «Біздің банк үшін FMO маңызды стратегиялық серіктес саналады. Бұл қаражатты тарту арқылы біз Қазақстан экономикасын несиелендіру сегментінде өз ұстанымымызды күшейтпекпіз. Ірі халықаралық даму институтынан 45 миллион доллар тарту kaspi bank-тің тұрақтылығының мойындалғаны деуге болады», - дейді банктің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. «The Netherlands Development Finance Company (FMO) ? бұл Голландияның кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік корпорациясы. Ол дамыған және дамушы елдердің жеке секторын инвестициялау мақсатында Нидерландия үкіметі (51 пайыз) мен коммерциялық банктердің, голландиялық жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың қатысумен 1970 жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда FMO өз қызметін 80-нен астам дамушы және өтпелі экономикадағы елде жүргізеді. Оның инвестициялық қоржыны 3,4 миллиард еуроны құрайды.