Қаржы институтының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, дәстүрлі шара барысында материалдық көмек банк бөлімшелерінде табыс етілетін болады. Банкке келе алмаған ардагерлерге ақшаны "Kaspi bank" АҚ-ның қызметкерлері үйлеріне барып тапсырады.
Ардагер салымшыларға бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 25 млн. теңгені құрайды.