Каспий байлығын заңсыз аулағандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізіндегі браконьерлік іс-қимылға қатысты біріккен жедел-сауықтыру іс-шарасының ІІ кезеңі жалғасуда. Өткен тәулік ішінде қазақстандық теңіз шекарашылары бірнеше браконьерлерді ұстап, олардан бірнеше бағалы тұқымды балықтарды, сондай-ақ балықшы құралдарын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК Шекара қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, шекара сақшылары теңіз бетінде заңсыз түрде балық аулап жүрген қазақстандық 7 азаматты ұстады. Нәтижесінде олардан 5 дана шағын жүзу құралдары - 2 «Будары», 1 «Байда», 1 «Казанка» деп аталатын моторлы қайық түрлері мен 1 резина қайық тәркіленді.

Сондай-ақ, 36 дана бекіре балығы мен ұзындығы 5000 метрге созылған балық аулайтын тор тәркіленді.

Жоғарыда аталған жедел-сауықтыру іс-шарасының ІІ кезеңі жалғасуда.