Каспий газы жаңа әзірбайжан-түрік газ құбыры арқылы Еуропаға жеткізіледі

None
БАКУ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Бүгін Әзірбайжан мен Түркия «Шах-Денгиз 2» кенішінде өндірілетін әзірбайжан газын Түркия аумағы арқылы Еуропаға жеткізу үшін газ құбырын салу үшін консорциум құру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға екі елдің энергетика министрлері Натик Әлиев пен Танер Йылдыз қол қойды.

Trans Anadolu (TANAP) жаңа газ құбыры құрылысы туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін тараптар арасында жобаның құны және құрылысты аяқтау мерзімі туралы келіссөздер басталады.

Газ құбыры 2011 жылы қазанда Түркия мен Әзірбайжан арасындағы «Шах Денгиз 2» кенішінен әзірбайжан газын Еуропаға жеткізу үшін қол қойылған келісім негізінде салынатын болады.

Бұл газ құбыры Әзірбайжаннан Түркия аумағы арқылы Болгарияға газ жеткізеді.

Консорциумның құрылтайшылары - SOCAR (Әзірбайжан мемлекеттік мұнай-газ компаниясы), түріктің мемлекеттік Botas құбыр операторы және түріктің Turkiye Petrolleri AO мұнай компаниясы. Бұдан әрі консорциумға басқа да халықаралық мұнай-газ компаниялары қосыла алады, делінген хабарламада.