Спикердің айтуынша, Каспий итбалығы популяциясы санының динамикасын зерттеу, қауіп факторларын кешенді бағалау және оларды азайту бойынша ұсыныс әзірлеу мақсатында 2009 жылдан бері Каспий теңізіндегі аралдарға экспедиция ұйымдастырылып келеді.
- Каспий проблемалары ғылыми-зерттеу институты Ақтау филалының кешенді бағдарламасын жасақтау үшін облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлінді. «Астана» халықаралық ғылыми кешені «Маңғыстау облысы бойынша экологиялық жағдайды жақсартудың 2026 жылға дейінгі мерзімді қамтитын бағдарламасын» жасап бітті. Бағдарламадағы 27 ғылыми-қолданбалы зерттеу жобасын іске асыру үшін тиісті органдарға жіберілді,-деді Динара Еңсеген.
Спикердің мәліметінше, 2019 жылы 6 тамызда Ақтау қаласында Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы ашылды.
Орталықта жараланған немесе жағалауда жалғыз жүрген итбалықтар зерттеліп, қоректендіріліп, емделіп, өмір сүру ортасына жіберіліп отырады.
Сондай-ақ, 2021 жылы Маңғыстау облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы жасалған.
Жол картасының 33-тармағында Каспий итбалықтарының Кендірлі шығанағындағы аралдарды, Комсомольский шығанағындағы аралдарды және Прорва теңіз учаскесінің ауданын жөндеу шалықтарын сақтау және қалпына келтіру үшін республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін құрудың табиғи-ғылыми негіздемесін әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу қарастырылған.
Аталған шара нәтижесінде республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи үш резерват: «Дурнева Аралдары» (Комсомол шығанағында), «Итбалықтар аралы» және «Кендірлі шығанағындағы аралдар» құрылады.
Қазіргі таңда министрлік жұмысты жалғастырып жатыр.