Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.
«Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларының қарқынды жүргізілуіне, сондай-ақ Мексика бұғауындағы бұрғылау платформаларының жарылуына ұқсас апаттарға жол бермеу мақсатында теңіздегі мұнай операцияларына мемлекеттік бақылау қатаңдатылып келеді. Осы бағытта нормативтік-құқықтық жетілдіруге арналған белсенді ұйымдастыру-практикалық шаралары қабылдануда. Мәселен, мұнай төгілуін қадағалау жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы мен «Мұнай» командалық-штабтық оқу жаттығуы өткізілді. Онда барысында Каспий теңізінің су айдындарында мұнай төгілуіне байланысты әрекет ететін күштер мен құралдардың іс-қимылы пысықталды», - деді министр.
Оның айтуынша, аталған бағытта 2010 жылдың 10 айында Каспий теңізінің шельфінде мұнай өндірумен айналысатын 34 кәсіпорындағы 273 нысан тексерілген. 617 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзушылығы анықталып, 56 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. «Жалпы, Каспий теңізінде мұнай операцияларын жүргізу кезінде апаттар мен оқыс оқиғаларға жол берілген жоқ», деді В. Божко.