«Каспий» клубы халықаралық турнирде үшінші рет жеңіске жетті

БІШКЕК. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте өтіп жатқан «Наурыз -2009» халықаралық турнирінде ақтаулық «Каспий» клубының баскетболшылары үшінші рет жеңіске жетті, каспийліктер бұл жолы алаң иелері «Форвард» командасын жеңді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 86:69 есебімен айқын жеңіске жеткен қазақстандықтарды енді ақтық ойын күтіп тұр. Турнир кестесінде бүгін демалыс күні. Ал ертең, наурыздың 19-ы күні «Каспий» баскетболшылары Ташкенттің ЦСКА командасымен кездесіп, бас жүлде үшін таласады.