Каспий құбыр консорциумы мұнай экспортын 11,2% арттырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий құбыр консорциумы 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында 40,205 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,18 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі КҚК деректеріне сілтеме жасап.