Ағымдағы жылдың ақпанында мұнай экспорттау көлемі 4,592 миллион тоннаны құрады, ал былтыр ақпанда бұл көрсеткіш 3,905 млн тонна болған.
Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын транзиттік аймақ ретіндегі Ресей аумағы арқылы экспорттау үшін құрылған. Консорциумның иелігіндегі 1,5 мың шақырымға созылып жатқан «Теңіз - Новороссийск» құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кендерін Қара теңіз жағалауларымен байланыстырады. КҚК 2017 жылы 55,107 млн тонна, яғни 2016 жылғыдан 24,4%-ке артық мұнайды экспортқа жіберген.
КҚК акционерлері: Ресей (ПАО «Транснефть» - 24% және «КТК Компани» - 7%) - 31%, Қазақстан («ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) - 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.