Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы жоспарлы жөндеуге 72 сағатқа тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы жоспарлы жөндеуге 72 сағатқа тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: svetland-oil.kz

«Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы жоспарлы жөндеуге 72 сағатқа тоқтатылғанын хабарлайды. Тоқтату алдын-ала жарияланған кесте бойынша жүзеге асырылады», - деп атап өтеді ведомстводан.