Салтанатты рәсімге Каспий Құбыр консорциумының Бас директоры Н.Горбань, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, акционер-компаниялар өкілдері қатысты.
Ғ. Дүйсенбаев станцияны қосу салтанатының алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың құттықтауын оқыды.
А-НПС-3А қосу арқылы Ресей мен Қазақстанның, сондай-ақ жетекші мұнай өндіруші компаниялардың қатысуымен мұнай тасымалдауға арналған ірі халықаралық инвестициялық жоба - Қазақстан аумағында Каспий құбыр консорциумының кеңейту жобасын жүзеге асыру аяқталды.
Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың үштен екіден астамы тасымалданатын Теңіз - Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырымды құрайды.