2018 жылдың қыркүйек айында өндірілген мұнай көлемі 4,656 млн тоннаны құраған.
Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын транзиттік аймақ ретіндегі Ресей аумағы арқылы экспорттау үшін құрылған. Консорциумның иелігіндегі 1,5 мың шақырымға созылып жатқан «Теңіз - Новороссийск» құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кеніштерін Қара теңіз жағалауларымен байланыстырады. КҚК 2017 жылы 55,107 млн тонна, яғни 2016 жылғыдан 24,4%-ке артық мұнайды экспортқа жіберген.
КҚК акционерлері: Ресей - 24%, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - 19%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, «КТК Компани» - 7%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%, және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.