"Каспий маңы елдерінің Әскери теңіз күштері мен Әскери теңіз флоттары қолбасшыларының комитетін құру мәселесі талқыланатын кездесу жыл соңына дейін өтеді деп жоспарланған", - деді В.Чирков.
"Ресей, Қазақстан, Әзербайжан және Каспий теңізіне шығатын өзге де елдер флоттарының тығыз қарым-қатынасы аймақта бейбіт және өзара тиімді қызметті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Байқаулар бір-бірімізді жақсы түсінуге септеседі", - деп қосты бас қолбасшы.
Ол сондай-ақ мұндай комитетті құру жұмысы РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгудың шешіміне сәйкес жүргізіліп жатқанын еске салды. Жаңа құрылымды құру мәселелері талқыланған аймақтар флоттарының бас қолбасшыларының жұмыстық кездесуі Петербургтегі халықаралық әскери-теңіз салоны барысында ұйымдастырылған болатын.