АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турдың екінші ойын күнінде «Атырау» өз алаңында Талдықорған облысының «Жетісу» командасына 0:1 есебімен жол берді.
Ал Ақтаудың «Каспийі» мен «Ақтөбе» 2:2 есебімен тең түсті.
29 шілдеде «Ақсу» «Шахтерді» 2:1 есебімен тізе бүктірсе, елордалық «Астана» Петропавлда «Қызылжардан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы) 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Аталған турдың 10 шілдеде алдын ала өткізілген ойынында «Оқжетпес» (Көкшетау) «Ордабасы» (Шымкент) командасына 0:4 есебімен жол берді.
Сондай-ақ «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.
Енді 18-тур ойындары 5 және 6 шілде күндері өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.