Каспий мұнай консорциумы Қазақстан мұнайын жөнелтуді қайта бастады
17:17, 11 Сәуір 2024
АСТАНА. KAZINFORM— Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалы нысандарындағы негізгі жұмыс аяқталғаннан кейін мұнай жөнелту қайта жанданды. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады.
9 сәуірде Каспий құбыр консорциумы мұнай өнімдерін айдауды тоқтатты.
Мұнай жөнелтілімін тоқтату Теңіз-Новороссийск мұнай құбырына техникалық қызмет көрсету жұмыстарының басталуына байланысты болды.