Каспий мұнай қоры 98,6 млн тоннаға өсті
15:33, 14 Наурыз 2013
АТЫРАУ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Хазар (Жемчужина блогы) және Қаламқас-теңіз кен орындарында жүргізілген геологиялық барлау және бағалау жұмыстарының қорытындысы жасалды.
«ҚМГ» баспазөз қызметінен хабарлағандай, C1+C2 қазақстандық әдістеме бойынша дәлелденген шығарылатын қор өсімі 98,6 млн. тонна мұнайды құрады, оның ішінде Қаламқас-теңіз кен орны бойынша - 67,6 млн. тонна және Хазар кен орны бойынша - 31 млн.тонна.
Сонымен бірге, компанияда «Сәтбаев», «Махамбет», «Н-блок», «Жамбыл» және «Бөбек» теңіз блоктары бойынша геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда деп мәлімдеді. Сонымен қатар «Исатай», «Абай», «Жеңіс», «Оқжетпес» жаңа барлау блоктары бойынша келіссөздер жүргізілуде.