Каспий мұнай қоры 98,6 млн тоннаға өсті

АТЫРАУ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Хазар (Жемчужина блогы) және Қаламқас-теңіз кен орындарында жүргізілген геологиялық барлау және бағалау жұмыстарының қорытындысы жасалды.

«ҚМГ» баспазөз қызметінен хабарлағандай, C1 C2 қазақстандық әдістеме бойынша дәлелденген шығарылатын қор өсімі 98,6 млн. тонна мұнайды құрады, оның ішінде Қаламқас-теңіз кен орны бойынша - 67,6 млн. тонна және Хазар кен орны бойынша - 31 млн.тонна.

Сонымен бірге, компанияда «Сәтбаев», «Махамбет», «Н-блок», «Жамбыл» және «Бөбек» теңіз блоктары бойынша геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда деп мәлімдеді. Сонымен қатар «Исатай», «Абай», «Жеңіс», «Оқжетпес» жаңа барлау блоктары бойынша келіссөздер жүргізілуде.