«Ақпараттық технологиялар саласында кооперацияны күшейтудің келешегі бар екендігі айқындалды. Қазіргі уақытта Каспий табанында байланыстың талшықты-оптикалық желісін төсеу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жобаның стратегиялық маңызын ескере отырып, оны уақтылы іске қосуды қамтамасыз етуді тапсырдық. Бұған қоса, әзербайжандық серіктестерді мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, қазақстандық ІТ-стартаптар алаңдарын пайдалануға шақырдық», - деді Президент.
Мемлекет басшысы әзербайжандық делегация қаржы және заманауи технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл үшін жақсы платформа бола алатын Астана халықаралық қаржы орталығына баратындығын айтты.