Сейсенбі, 29 мамырда Маңғыстау облысында Каспий теңізінен 27 мамыр күні шомылу барысында суға батып кеткен 20 жасар жігіттің денесі табылды. Жұмыстарға ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Сол күні Батыс Қазақстан облысындағы Чапаев кентінде жергілікті тұрғындар «Дөңгелек» су қоймасынан 28 мамыр күні балық аулау кезінде суға кеткен 32 жастағы ер адамның денесін алып шықты.