Оқыс оқиға 17 маусым күні болды. Жағалаудан 4-5 шақырымдай ішкеріде резеңке қайықпен балық аулап жүрген екі ер адам желдің екпіні артқандықтан, құрлыққа жете алмаған.
«Құтқарушылар балықшыларды тауып, жағалауға шығарды. Одан ары кезекші көлікпен Ақтауға жеткізілді», - делінген хабарламада.
22:29, 18 Маусым 2018
Каспий теңізінде қайықтарын жел айдап әкеткен екі балықшы құтқарылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Каспийде күшті жел қайығын теңіздің ортасына қарай айдап әкеткен екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.