«Бұл видео отандастарымыздың отансүйгіштік деңгейін көрсетті. Теңізде саяхатта қызметін көрсететін кәсіпкер өзі бастама жасап, Қазақстаннң мемлекеттік рәсімдер күнін мерекелеу құрметіне орай осындай акция ұйымдастырды», - деп атап өтті Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бүгін мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толып отыр. 2007 жылы 4 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.