Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
«Бейнежазба Каспий теңізінде түсірілуі мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда мекендейді. Сондай-ақ ауа райы жылы Африка секілді тропикалық және субтропиктік аймақтарда өмір сүреді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият саралай келе, ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік»,- дейді Ғаббас Досатов.