деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.
«Фарс» агенттігінің хабарлауынша, Тахери Каспий маңы елдерінің делегациясы бас қосқан Энзелиде бірлескен оқу-жаттығуларында сөз сөйледі. Ол Иранның Каспий теңізіндегі флотты ұлғайтуды, жеке сектордағы ынтымақтастықты, сондай-ақ Иран үкіметі мұнайдың теңізге ағуының зардаптарын жою үшін құрал-жабдықтарды кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Каспий теңізінің тазалығы және қауіпсіздігі» деп аталатын бірлескен оқу-жаттығуларына 30 кеме қатысуда.