Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болдырмау туралы келісім ратификацияланды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болдырмау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.