1987 жылы туған ер адам 29 шілдеде Құрық ауылының маңында балық аулау кезінде жоғалып кеткен. Сол күннен бастап іздеу шаралары үздіксіз жүргізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар және жоғалған адамның туыстары жүргізді. Сондай-ақ тікұшақ пен дрондар тартылды.
«1 тамызда жергілікті балықшылар жоғалған адамның мәйітін алып шықты», - делінген баспасөз мәліметінде.