Бұл туралы журналистерге Әзірбайжанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлттық гидрометеорология департаменті директорының орынбасары Рза Махмудов мәлім етті.
«2010 жылы Каспий теңізіндегі су деңгейі 9 см-ге, 2011 жылы 20 см-ге азайған. Су деңгейінің азаю қауіпі алдағы жылдары да байқалуы мүмкін. Болжам бойынша 2014-2015 жылдары теңіздегі су 13-14 см-ге төмендейді», - деп атап өтті.
Осыған байланысты ол Каспий теңізінің экологиялық жағдайы әрдайым басты назарда болатынын жеткізді.