Каспий теңізіне апатты жағдайда ұшақ қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Самарадан Иранға бет алған ұшақ Каспий теңізіне апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады 24 kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған. Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін жергілікті уақытпен сағат 14:50-де екі ұшқышы бар ұшақ дереу қонуға рұқсат сұраған. Экипаж мүшелерін құтқару үшін оқиға орнына «Егемен» күзет кемесі және Атырау қаласынан «Ми-8» тікұшағы жетті.

Әуе кемесінің экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.