Бейсенбі, 31 мамыр күні бес тәулік бұрын суға батып кеткен балықшы А.Елеуовтің денесі оның туыстарымен табылып, судан шығарылды.
Бұған дейін хабарланғандай, 26 мамыр күні Каспий теңізінде балық аулау барысында төрт ер адам суға батып кетті. Сәрсенбі, 30 мамырда Атырау облысының «Мартыши» кен орнында үш балықшы - Р.Сарманов, К.Нұрдәулетов, И.Есенғалиевтің денелері табылып, жер бетіне шығарылды.