АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат -7 тамыз күні ҚР ҰҚК Жағалау күзеті «Жеңіс» өңірлік басқармасының шекара кемесінің экипажы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен Әзірбайжанның «Ширак» кәсіпшілік көлік құралын ұстады.
Кеменің трюмін тексеру барысында 400 дана бекіре балығы және 39 жәшікке салынған шектеу қойылған балық аулау құралдары табылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі таратқан ақпаратта айтылған.
8 адамнан тұратын экипажы бар кәсіпшілік кеме Қазақстан Республикасының шекара кеңістігіне шетелдік кемелердің келу ережесін бұзуы және заңсыз балық аулауына байланысты процессуалды шешім қабылдану үшін Баутино айлағына жеткізілді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.