Каспий теңізінің жағалауында адамдар құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 тамызда Ақтау қаласында «БРИЗ» яхта клубы ауданында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2003, 2005, 2004, 2005 жылы туған 2 жігіт пен 2 қызды құтқарды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, бүгін сағат 14:10-да облыстың мобильді құтқару бекетінің кезекшілігін атқару кезінде 2006 жылы туған азамат құтқарылды. Ол медициналық көмекті қажет етпеді.

Құтқару операциясынан кейін құтқарушылар онымен түсіндіру жүргізді.