1993 жылы туған азаматқа үш күннен бері іздестіру жұмыстары жүргізілген.
Болжам бойынша ол 24 қыркүйекте теңіз астынан балық аулау кезінде батып кеткен.
«Бүгін 12:08-де төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Шора су арнасы ауданында жағадан 400 метр жерде ( 5 метр тереңдіктен) адам денесін судан тауып алып, шығарды»,- делінген баспасөз мәліметінде.
Іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының қарушылары, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша жеке құрамы жұмылдырылған. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына мұндай жағдайға бей-жай қарамайтын адамдар мен еріктілер қосылған.