Данияр Әкімжановтың айтуынша, 10 және 11 мамыр күндері экобелсенділер Қаражанбас пен Бозашы маңындағы теңіз жағалауын тексеріп, өлі итбалықтардың денелерін тапқан.
- Көлікпен жету мүмкін емес аумақтар бар. Мен өзім мотоциклмен жүріп, аумақты аралап шықтым және өлі денелерді санадым - екі күнде 37 итбалық табылды. Бүгін Қарақия ауданындағы Тоқмақ аумағындағы жағалаудан тағы 20 итбалықтың табылғаны туралы ақпарат келді. Жалпы, 17 сәуірден бері шамамен 300 өлі итбалық тіркелді, - дейді Данияр Әкімжанов.
Экобелсендінің сөзінше, ақпарат жедел түрде арнайы алгоритм бойынша уәкілетті органдар мен аудан әкімдігіне жіберіліп, өлекселерді жою жұмыстары ұйымдастырылады. Данияр Әкімжанов итбалықтардың қырылуының негізгі себебі ретінде экожүйедегі өзгерістерді атайды.
- Біз, экобелсенділер, жағалаудың тек шағын бөлігін ғана бақылай аламыз. Менің ойымша, өлген итбалықтардың саны 300-ден әлдеқайда көп, - дейді ол.
Бұған дейін, Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатқанын жазған болатынбыз
АШМ Каспий жағалауында итбалықтар мен аққулардың қырылу себебін атады.