Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы Қарақия ауданындағы, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд. теңге, ауданы 696,8 га құрайтын 3 учаске игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды.
Одан бөлек, талдау нәтижесімен Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды.
Одан бөлек, облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды.
Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының саны жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20%-ға аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған.
Осыған орай, кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.