Оның айтуынша, «TETYSBLU» туристік қалашығы Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағажайында 130 га жерге салынады. Оның ішінде тематикалық парк, виллалар, гольф клубы мен сауда орталығы болады. Қазір бұл нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Қалашықта 40 га жерде гольф клуб салынуда. Клуб аумағында 98 вилла бой көтереді. Аталған виллалардың жартысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның жоспарына сәйкес, сауда орталығы мен екінші 5 жұлдызды қонақ үйдің құрылысы да жыл соңына дейін аяқталады.