Каспийде әскери кемелер шеруі өтті

Фото: Қорғаныс министрлігі

АҚТАУ. KAZINFORM – 1996 жылғы 17 тамызда Ақтауда Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз туы алғаш рет көтерілген болатын. Бұл тарихи оқиға еліміздің Әскери-теңіз күштерін құрудағы маңызды қадам болып саналады.

Осы күннің 29 жылдығына орай Ақтаудағы амфитеатрдың ашық алаңында салтанатты шара өтті. Іс-шараға әскери қолбасшылық, Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы билік өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтар қатысты.

Фото: Қорғаныс министрлігі

– Бүгін біз Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүддемізді қорғауды қамтамасыз ететін Әскери-теңіз күштерінің іргетасын қалаған тарихи оқиғаны атап өтудеміз. Қазіргі буын әскери қызметшілер алғашқы теңізшілер салған дәстүрлерді бағалап, Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін арттыру мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолында қызмет етуде, – деді ол.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Іс-шараға 2000-нан астам қала тұрғыны мен қонақтар жиналды. Олар теңіз жаяу әскерлері, арнайы жасақтары мен авиация бөлімшелерінің көрсетілімдерін тамашалады. Әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық элементтерін, десант қону кезіндегі тактикалық іс-қимылдарды және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Мерекенің шарықтау шегі – Каспий теңізіндегі Әскери-теңіз күштері кемелерінің шеруі мен Ақтау гарнизоны жеке құрамының салтанатты сап түзеуі болды.

Сонымен қатар заманауи теңіз техникасының, қару-жарақ пен жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара әскери оркестр мен Әскери-теңіз күштерінің шығармашылық ұжымы қатысқан мерекелік концертпен аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әскерилер арасында қазақ күресінен әлем чемпионы атанды.