Каспийде браконьерлердің ауына түсіп қалған итбалықтар құтқарылды
09:31, 14 Қараша 2018
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық инспекторлар браконьерлердің ауына түсіп қалған итбалықтарды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7-8 қарашада Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Каспий теңізінің акваториясындағы Маңғышлақ архипелагының аралдарында рейдтік шаралар өткізді», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.