Каспийде экологиялық апатқа жол беруге болмайды - ҚР Премьері

None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Каспийде экологиялық апатқа жол беруге болмайды.

Бұл туралы бүгін жер қойнауын пайдаланушы-компаниялармен шарттық міндеттемелерді сақтау мәселелері жөніндегі кеңестен кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің басшысы Атырау облысында жұмыс сапарында жүр.

«Каспийде бұған жол беруге болмайды, деп ойлаймын, алайда біз сақтануымыз, бәрін жақсылап тексеру қажет», - деді К.Мәсімов, журналистердің сұрақтарына жауап қайтара келіп. Сонымен қатар Үкімет басшысы жер қойнауын пайдаланушы-компаниялардың стандарттары мен техникалық үдерістері күшейтіле түсетін болады, деп атап көрсетті.

«Ешкім де қатерден 100 пайыз сақтана алмайды. Тіпті "Бритиш петролеум» сияқты алпауыт компанияның өзі Мексика шығанағындағы апатты тоқтата алмай жатыр», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Премер-Министрдің пікірінше, Мексика шығанағындағы қайғылы оқиғаның себебі технологиялық рәсімдер мен стандарттардың бұзылуынан болып отыр.

«Біздің міндетіміз - мұндай жағдайға мүлдем жол бермеу немесе барынша төмендету - бұл технологиялар және стандарттар рәсімдерінің мәселесі», - деп сөзін түйіндеді К.Мәсімов.