Каспийде Иран мен Ресейдің құтқару қызметтерінің алғашқы бірлескен жаттығуы өтті

АСТАНА. Шілденің 30-ы.  ҚазАқпарат -    Каспийде, Иранның  Энзели    айлағында    Иран  мен   Ресейдің  құтқару  қызметтерінің    алғашқы   бірлескен  жаттығуы өтті,

деп хабарлайды   ҚазАқпарат   ИРНА ақпараттық агенттігіне  сілтеме  жасап.

Жаттығуға екі  іздеу  тікұшағы  мен 30   құтқарушы кемесі    қатысты.    Сондай-ақ  500-ден  астам адам атсалысты.    Иранның  солтүстігіндегі Гилян провинциясы әкімшілігінің  өкілі    Фархад  Монтасар  Кухсаридің  ИРНА агенттігіне  хабарлауынша,   «Каспийді  таза және  қауіпсіз етейік»  ұранымен   өткізілген   жаттығу    барысында  екі елдің   құтқарушы  қызметтерінің     теңізде апатқа  ұшырағандарды іздестіру  және  құтқару,     қоршаған ортаның ластануына  жол бермеу  дағдылары тексерілді.

Бірлескен   жаттығудың басты мақсаты - құтқарушы    қызметтердің  дайындық деңгейін    арттыру,     Каспий  жағалауы елдерінің теңіздегі төтенше оқиғалардың салдарын жою  жөніндегі       іс-қимылдарын     үйлестіру  болды.