Құқық бұзушылар жүзу құралын тоқтату талаптарына құлақ аспаған, оған қоса, РФ акваторийіне қарай өтіп кетпек болған.
Шекарашылар оларды қуып, тоқтату мақсатында ескерту ретінде әуеге бірнеше рет оқ атады. Алайда, нәтиже болмаған соң ескертуден соң кеме қозғалтқыштарына оқ атты, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ-нің баспасөз қызметінен. Қару қолданған соң екі қозғалтқыш істен шығып, құқық бұзушылардың бірі, өздерінің айтуынша, Ресей Федерациясы Дағыстан Республикасының азаматы жараланған. Жараланған ер адам Ақтау қаласының облыстық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық. Тоқтатылған кеменің ішінде бекіре балықтарын ұстауға арналған 12 қапқа салынған браконьерлік ау, жанар-жағармай құйылған 4 бөшке және үш ұялы телефон анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 392-бабының 1-бөлімімен («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу») тіркелген тексеру жүргізіліп жатыр.