Каспийде қырылған итбалықтардан алынған сынама талдауының нәтижесі 15 мамырда белгілі болады

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат- Каспийде қырылған итбалықтардан алынған сынама талдауының нәтижесі 15 мамырда белгілі болады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Түпқараған ауданында Каспий жағалауынан түрлі жастағы  743 итбалықтың өлігі табылды.

 «Жағалаудан 18-20 шақырым учаскеде итбалықтардың өлігі табылды. Ғылыми гидробиология және вирусология институтының қызметкерлері  олардан сынама алды. Тіннен, ішкі ағзалардан үлгілер алынды. Бүгін олар Алматыға ұшады. Топырақ, судан алған сынама нормаға сәйкес,   сондықтан біз әзірге олардың неден қырылғанын білмейміз.  Әзербайжанда Апшерон жарты аралында да өлген итбалықтар табылғаны белгілі. Тұмау болды ма, кәріліктен бе... итбалықтар қыста өлген болуы да мүмкін. Кейбірінің терісі болған жоқ, қара дақтар болды. Олар полигонда өртелді», - деді Маңғыстау облыстық  орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары Қ. Ашахов.

Іздеу шараларына Маңғыстау облыстық  орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының екі бөлімі қатысты, барлығы 13 адам, сондай-ақ қажетті техникамен «Каспий» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері атсалысты.

Ашахов сынама нәтижесі 15 мамырда дайын болатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар