Теңіз үстінде полицияның эмблемасы бейнеленген үлкен баннер орнатылды. Оны жасауға 10 сүңгуір қайықтың көмегі қажет болды. Полицейлер патриоттық әндерді шырқап жатқан кезде, қайықтан 50 көгершін аспанға ұшырылды. Теңіз жағасында бірнеше желкенді қайықтың көмегімен «25» мерейтойлық сан жазылды.
«Біз осындай ауқымды шара арқылы басты мақсаты - қоғам мен азаматтардың құқығын, қауіпсіздігін қорғау болып табылатын Қазақстан полициясының әмбебаптылығын көрсеткіміз келді. Олар да ән салып, би билей алады», - деді Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің инспекторы Төренияз Азизаев.