Каспийде ресейлік алты браконьер ұсталды

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Каспийде ресейлік алты браконьер ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

Комитеттің  ақпараты  бойынша,   Каспий теңізінің   қазақстандық  бөлігінде  «Сейф-боат»  катері  мен шекаралық   «Астана»   катерінің  экипаждары қазанның 7-сі күні   мемлекеттік шекарада  жауынгерлік кезекшілік  атқару кезінде   Ресейдің  6 азаматы мінген «байда»  типтес екі  қайықты  ұстады.

Ресейліктер браконьерлікпен  айналысып    жатқан жерлерінде қолға түсті. Оған  қоса,  өздерінің    төлқұжаттары    да болмай шыққан.       Қазір бұл  факті  бойынша тергеу амалы  жүріп  жатыр.