Каспийде тағы да жер сілкінді
10:21, 30 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығының мәліметінше, 29 шілде күні Каспий теңізінде биылғы жыл басынан бергі 19-шы жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің магнитудасы 3,0 балл. Ол 13 шақырым тереңдікте болған.
Жер қыртысының дүмпуі Ақтаудан шамамен 363 шақырым қашықтықта болған.
Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 40°25′48″, шығыс бойлық бойынша 51°36′0″.
Бұған дейін де 18 мамырда Каспий теңізінде жер сілкінгені туралы жазған едік.