Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Нұрлан Ноғаевтан өңірге туристер тарту үшін Каспий теңізінде кеме қатынасы қашан жолға қойылатындығын сұраған едік.
«Бұл болшақтың ісі. Оған кедергі болып тұрған мәселе – Каспий теңізі суы деңгейінің төмендеуі. Мамандардың айтуынша, бұл табиғи жағдай. Қазір теңіз біраз жағалаудан кетті. Бірақ статистикалық деректерге сәйкес, мұндай жайт 1974 жылы болған екен. Теңіз толқып тұрады. Ал 90-шы жылдардың басында басқа мәселе орын алған. Төменгі шағын аудандарда көлік жүретін жолдарды, үйлердің жертөлерін су басқан», - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар өңір басшысы Маңғыстау облысында туризмді дамытуға ниетті кез келген кәсіпкерге қолдау көрсетуге дайын екендіктерін баса айтты.