Еске сала кетсек, 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумақтық суларында ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті басқармасының шекара кемесінің жауынгерлік кезекшілігі барысында (Адамташ мүйісінен батысқа қарай 10 миль шамасында) «Байда» шағын қайық анықталып, шекарашылар олардың соңына түскен.
Шағын қайықты тоқтату мақсатында «ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы» заңына қару қолданылды. Қайықтағылардың біреуінің оң жақ иығынан жанама жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді.
Бұдан бұрын, 29 желтоқсанда 00 сағат 10 минутта шағын қайық ұсталғандығы, кемеде 4 адам болғандығы хабарланған болатын. Сондай-ақ Әзербайжан Республикасының азаматтарының сөзіне қарағанда, 40 асыл тұқымды балық, 10 жәшік браконьерлік балық аулау және спутниктік байланыс және навигация құралы тәркіленгендігі айтылған еді.
«Енді ұсталған шағын қайық тексеру және борттағы жүктерді санау барысында балықтың саны бұрынғы жіберілген мәліметтен өзгеше екендігі белгілі болып отыр. Балық 198 дана, жалпы салмағы - 793,8 кг. Ұсталған жүктің бағаланған құны - 190 928 140 теңге екендігі анықталды», - деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.