Каспийдегі қайғылы оқиға: Төрт адам суға батып кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 тамызда кешке қарай Каспийде екі қайғылы оқиға болды. Құрық ауылында үш жасөспірім және Кендірлі ауданында 28 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылардыңайтуынша, 5 тамызда сағат 18:15-те Құрық ауылында 2002 жылы туған екі қыз бен2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті. Қазір олардың денелерін іздестіруге10 құтқарушы мен екі қайық жұмылдырылған.

Сонымен қатар,Кендірлідегі «Самал» демалыс орталығында тағы бір қайғылы оқиға болды. Онда1991 жылы туған ер азаматтың денесін туыстары судан шығарып алды.

Естеріңізге салакетейік, таяуда Ақтауда ер адам «Шора» су ағытқышына батып кеткен болатын.Сонымен қатар, төрт адамнан тұратын отбасын теңіз жағалауында суға батып баражатқан жерінен құтқарушылар аман алып қалды.

Соңғы жаңалықтар