ТЖМ мәліметіне сәйкес, мәйіт теңізден 65 шақырым қашықтықта түркімен секторында табылған. «Ақпарат сол кезде жақын жерде жүрген түркімендік «Топаз Легенда» кемесіне жеткізілді, олар мәйітті бортқа шығарып, Қиянлы теңіз портына жеткізді. Зардап шегушінің құтқару киімінен «Азнефть» деген жазуды оқыдық», - деп жазылған хабарламада.
Қаза тапқан мұнайшының кім екендігі әлі анықталмады. Айта кетейік, Каспийде дүлей дауылдың кесірінен газ құбыры жарылып, Әзербайжанның «Гюнешли» мұнай платформасында өрт шыққан еді. Оқиға кезінде платформада 63 адам болған. 33 мұнайшы қауіпсіз жерге көшірілді. Осыған дейін 8 мұнайшының денесі табылған болатын. Қазіргі кезде 22 адам жоғалып кеткендер қатарында.