Каспий теңізінің айдынындағы браконьерлік іс-қимылды ауыздықтап, оның байлығын сақтауға арналған арнайы біріккен жедел-сауықтыру іс-шара жалғасу үстінде.
Нәтижесінде бағалы балықтар мен аулау құралдары тәркіленді.
«Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының шекарашылары Қазақстан азаматын ұстады. Одан 36 дана бекіре тұқымдас балық, сондай-ақ, 3 жүзу құралы - 2 «казанка» мен 1 үрленетін қайық, сондай-ақ, 11 000 метр ау, 1000 қармақ, 300 метр құрал-жабдықтар тәркіленді.
Осы күні «Батыс» өңірлік басқармасының шекарашылары Ресей Федерациясының азаматын ұстады, одан 423 дана сазан тәркіленді», делінген хабарламада.