Каспийдің қазақстандық секторында алғаш рет теңіздегі апаттық-құтқару отряды құрылады - В. Божко

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Каспийдің қазақстандық секторында теңіздегі апаттық-құтқару отряды құрылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Ведомство басшысының айтуына қарағанда, былтырғы жылдың желтоқсанында ҚР Премьер-Министрінiң шешiмiмен солтүстiк-Каспий шұғыл ден қою базасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң қарамағына өткен болатын. «Осының негiзiнде Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңiздегі апаттық-құтқару отряды құрылатын болады. Бұл осы теңiздегі әрекет ететін алғашқы құрылым болмақшы», - дейдi Владимир Божко.