Каспийдің жағасында Алматы облысының тұрғыны батып кетті

АҚТАУ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің жағасында Алматы облысының 1964 жылы туған тұрғыны батып кетті. Оқиға «Золотое солнышко» демалыс базасында болған.

«Астана уақыты бойынша 19.41-де ер адамның денесі табылып, судан шығарылды. Оның Алматы облысының тумасы екендігі анықталды», - деді Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Гүлнар Ходжабекова.

Іздеу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД суда құтқару жасағының екі құтқарушысы мен бір моторлы қайығы жұмылдырылды.